Басты жаңалықтар

Жастар жасақтары іске кірісті

Өткен аптада «Атамекен» педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жасақтарының еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Ақтөбе облысында алғаш рет құрылған жасақтар маусым-тамыз айларында еңбек ететін болады.
Аталған жасақтардың менеджері Алина Таңмағамбетованың айтуынша, педагогикалық жасақтар құрамына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты мен Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері, ал әлеуметтік жасақтарға М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, М.Мәметова атындағы медициналық колледж студенттері қабылданып жатыр.
Жастарды еңбек маусымының ашылуымен құттықтаған ішкі саясат департаменті бастығының орынбасары Сырым Әбдірахманов жастарға облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың атынан, былтыр біздің облыстан бастау алған «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасының облыстық штабының төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың атынан сәлем жолдады. Жастарды сондай-ақ Ақтөбе облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Күлпаршын Айдарханова, студенттік құрылыс жасақтарының «Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Тортаев, т.б. құттықтады.
— Екі жасақтың атқаратын жұмыстары әртүрлі. Педагогикалық жасақтардың мақсаты — балалар көп шоғырланған үйлердің аулаларында, аула клубтарында, мектеп маңындағы лагерьлерде балалардың психологиялық, әдеби-танымдық, рухани-мәдени тәрбиелерімен айналысу, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне көмектесу болса, әлеуметтік көмек көрсету жасақтары зейнеткерлерге, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, қарттар үйіндегі жалғызілікті ата-әжелерге, басқа да көмекке зәру азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді, — дейді ішкі саясат департаменті жастармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Айбек Көпенов.
М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button